Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

"Ешқашан ешкімге кектенбеңдер": Әлемдегі ең қарт адам 117 жасында өмірден озды

32

БАҚ жазуынша, ол өмірінің соңына дейін ақыл-есін жоғалтпаған.

Әлемдегі ең адам, Испанияда өмір сүрген Мария Браньяс Морера 117 жасында қайтыс болды. АҚШ-та дүниеге келген ол екі дүниежүзілік соғысты, Испаниядағы азаматтық соғысты, 1918 жылғы тұмау пандемиясын және COVID-19 пандемиясын басынан өткерген. Бұл туралы сейсенбі күні оның отбасы хабарлады, деп жазды cbsnews.com.

«Ол өзі қалағандай, ұйықтап жатып, тыныш және ауыртпалықсыз өмірден озды», — деп жазды оның отбасы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Мария Браньяс 1907 жылы 4 наурызда Калифорнияда дүниеге келген. Гиннестің рекордтар кітабындағы мәліметке сәйкес, ол өмірінің алғашқы жылдарын Сан-Францискода өткізген. Сегіз жылдан кейін отбасы Испанияға оралып, Каталонияға қоныстанған. 1931 жылы Джоан Моретаға тұрмысқа шыққан, 3 бала, 11 немере және 13 шөбере сүйген.

Мария көзі тірісінде: «Ешқашан, қандай жағдай болмасын, ашуланбаңыз, кеудесін кек кернеген адамға айналмаңыз», — деп кеңес берген. БАҚ жазуынша, ол өмірінің соңына дейін ақыл-есін жоғалтпаған.

Америкалық геронтологиялық зерттеу тобының мәліметі бойынша, Браньяс қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам ретінде жапондық Томико Итоока тіркелді, ол 1908 жылы 23 мамырда дүниеге келген. Қазір ол 116 жаста.