ЕУРО-2024: Испания Грузияны тас-талқан етсе, Англия Словакияны әрең ұтты

Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалы аясында Испания мен Грузия құрамалары және Англия мен Словакия ширек финалға жолдаманы сарапқа салды. Испания құрамасы "Рейн-Энерги" стадионында өткен матчта грузиндерді тас-талқан етіп жеңіп, ширек финалға шықты. Матчтың 17-минутында Робен Ле Норман өз қақпасына гол соғып, грузиндер есепте алға шыққанымен, артынша қақпаларына 4 гол жіберіп алды. Родри 39‑минутта есепті теңестірсе, 51 минутта Фабиан Руис командасына алға шығарды. Одан бөлек Нико Уильямс пен Даниэль Ольмо да көзге түсіп, Грузия құрамасын ірі есеппен ұтты. Осылайша Испания құрамасы ширек финалға жолдама алды.Ал "Фельтинс-Арена" стадионында Англия мен Словакия құрамасы өзара мықтыны анықтады. Гарет Саутгейт баптайтын Англия құрамасы Франческо Кальцонаның шәкірттерін әрең ұтты. Ойынның 25-минутында Словакия құрамасының ойыншысы Иван Шранц есеп ашып, құрамасын алға шығарды. Словактар сол есепті 90 минут бойы ұстап тұрғанымен негізгі таймға қосылған қосымша уақытта ағылшындар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. 90+5 минутта Джуд Беллингем есепті теңестірсе, экстра-таймның алғашқы минутында Харри Кейн жеңіс голын соғып, Англия құрамасын сенсациялық жеңілістен сақтап қалды. Сөйтіп Словакия құрамасын әрең ұтқан ағылшындар ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Испания құрамасы ширек финалда Германияға қарсы ойнаса, Англия Швейцария құрамасымен кездеседі.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 19
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 8
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 15
