Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Еуроодақ есебі: Еуропада мұсылмандарға қарсы нәсілшілдік пен кемсітушілік өсуде

37


Еуропалық Одақтың  құқықтар агенттігінің (FRA) есебіне сәйкес, Еуропадағы мұсылмандарға қатысты нәсілшілдік пен кемсітушілік күшейіп келеді. Бұл үрдіс Газадағы жағдаймен тікелей байланысты емес. Есепте көрсетілгендей, Еуроодаққа мүше бірнеше елде мұсылмандарға деген жағымсыз көзқарастар мен кемсітушілік деңгейі айтарлықтай өсіп, ЕО-дағы мұсылмандардың шамамен жартысы күнделікті өмірде осы қиындықтарға ұшырап отырғаны анықталды. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы 39%-бен салыстырғанда өскен.


2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қазанына дейін FRA 13 елде 9600-ден астам мұсылманға сауалнама жүргізіп, ең жоғары кемсітушілік деңгейі Австрия, Германия және Финляндияда тіркелді.  Еуропада туылған жас мұсылмандар мен діни киім киетін әйелдер, әсіресе, жұмыс орнында жиі кемсітушілікке ұшырауда. Мұсылмандардың шамамен 41%-ы өз білімі мен біліктілігі талап етілген деңгейден жоғары қызметтерге бола алмайды. 


Жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарына қол жеткізудегі қиындықтар тұрғын үй, білім және денсаулық сақтау салаларына да әсер етеді. Сауалнамаға қатысқан мұсылман отбасыларының үштен бірі өз қажеттіліктерін өтеуде қиындық көріп отыр, бұл көрсеткіш жалпы халық арасында 19%-ды құрайды. Мұсылман отбасыларына көбіне тар әрі қолайсыз тұрғылықты жерде өмір сүреді.