Матчтың 35-минутында 19 жастағы Арда Гүлердің оң қапталдан асыра берген добын Самет Акайдын голға айналдырды. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталып, командалар үзіліске кетті.
Ал екінші таймда Нидерланд құрамасы темпті үдете түсіп, алты минуттың ішінде таразы басын өзіне аударды. 70-минутта Стефан де Врей бұрыштан берілген допты баспен ұрып, есепті теңестірсе, 76-минутта Коди Гакпо есепті еселеді.
Түркия осылайша Еуропа чемпионатын ширек финалдан аяқтады. Бұл елдің Еуропа біріншілігіндегі ең үздік нәтижесі – 2008 жылғы Еуропа жартылай финал (Германиядан 2:3 есебімен жеңілген еді).
Нидерланд құрамасы енді жартылай финалда Англиямен күш сынасады.
Еуро-2024 додасының жартылай финалдағы жұптары:
9 шілде: Испания – Франция
10 шілде: Англия – Нидерланд
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Нидерланд құрамасы Түркияны жеңіп, жартылай финалға шықты
