Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Грекияда аралды өртеген қазақстандықтар кім?

29
Кейінірек өртке қазақстандықтар қатысты емес екен деген мәлімет тарады. Бірақ көп ұзамай-ақ яхтаның қазақстандық бизнесмендерге тиесілі екені анықталды. Сөйтсек, яхтада 7 бірдей Қазақстан азаматы болыпты. Олардың қатарында еліміздегі ықпалды бизнесмендер қатарына кіретін Данияр Әбілғазин бар. Сонымен қатар яхтада «Халық банк» басшысы Үміт Шаяхметова мен оның күйеуі де болыпты. Кеше Әбілғазин өртке қатысы жоқ екенін мәлімдеп сұхбат берген көрінеді. Яхтаны жалға алғанын, бірақ заң бұзатын ештеңе жасамағанын алға тартады. Бір қызығы сол, Үміт ханымның қызы Динара әлеуметтік желіде Грекиядағы өзінің суреті мен фейрверктің атылып жатқанын салыпты. Осыдан-ақ біраз нәрсені түсіну үшін Шерлок Холмс болудың қажеті жоқ. Мұның алдын тағы бір қазақстандық Помпейдегі тарихи жәдігерге атын қашап жазғаны үшін тұтқынға алынған еді. Жалпы, кейінгі жылдары шетелде қыдырып, «білгенін істеп жүрген» қазақстандықтар көбейіп барады. Соларға не жетпейді дейсің де?! Ішсін, жесін, қыдырсын, бірақ білдей елдің атына кір келтіретіндей әрекетке барудың не қажеті бар? Мынандай әрекеттер елімізді жағымсыз жағынан көрсетеді. Онсыз да Қазақстан десе, «Борат» ойына келетіндер көп. Енді, әлем бізді осындай жағымсыз қырымыздан таниды. «Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» дейді ғой. Қазақстанның әлемдік аренадағы оң имиджін қалыптастыру оңай емес. Әсте-әсте өзімізді танытып келеміз. Осындай сәттерде шектен шығып, білгенін істейтін байлар Қазақстанның абыройына нұқсан келтіретіні өкінішті.