Гватемалада 15 жастағы қыз жерлеу рәсімі кезінде табытта жатып есін жиды

79


Munarmedia.kz. 14.10.2026. ASTANA-

Гватемалада туыстары қайтыс болды деп ойлаған 15 жастағы Юлейди Ишкотояк өзімен қоштасу рәсімі кезінде кенеттен есін жиған. Жергілікті TV SAC телеарнасының хабарлауынша, қыз табытта шамамен сегіз сағат жатқан. Осы уақытта анасы оның көзін ашып, қозғала бастағанын байқап қалған.

«Жүрегім қатты ауыра бастады. Кеудемді ауырлық басып, кейін есімнен танып қалдым», — деген қыз.

Оқиғаға дейін әкесі қызын ауруханаға жеткізбек болған. Алайда жолда оның тынысы мен тамыр соғысын сезбеген соң, қайтыс болды деп ойлаған. Дәрігерлерге жүгінудің орнына табыт сатып алып, қызын үйіне әкелген.

Қоштасу рәсіміне туыстары, көршілері мен жергілікті шіркеу мүшелері жиналған. Шамамен сегіз сағат өткенде анасы табыттың әйнекті терезесінен қыздың қозғалғанын байқайды. Жиналғандар табыттың қақпағын ашып, оған сыртқа шығуға көмектескен. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Юлейди есін біліп, су сұраған.

Қыздың әкесі болған жағдайды «ғажайып» деп атаған. Дегенмен оқиғаның нақты медициналық себептері туралы әзірге толық мәлімет жарияланған жоқ.

#Гватемала #Оқиға #ӘлемЖаңалықтары #Денсаулық #Munarmedia