Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Кімнің мүддесін қорғап отырғаныңды білем»

58



Парламентте депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Альберт Рау дауласып қалды. Соңғысы отырыс үстінде орнынан тұрып кетіп қалды.

▪️«МҰНЫҢЫЗ АУЫР АЙЫП»

Отырыс барысында депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл құжат Үкіметпен келісілді ме деп сұрады. Рау “әлбетте” деп жауап берді. Раудың сөзінше, құжаттың қорытындысын әзірлеуге алты ай уақыт кеткен.

— Мұны қандай жұмыс тобы қараған. Мен неге хабарсызбын. Сіздер бұл жерде біреулердің мүддесін қорғап отырсыздар! Кімнің екенін атайын ба? - деді Ізмұхамбетов.

Оған жауап берген Альберт Рау әрбір түзетуді әзірлеген кезде президенттің тапсырмасы негізге алынғанын айтты. Алайда Ізмұхамбетов оған “президент тапсырма бергенде бәрі заңды болсын әрі мемлекет мүддесі үшін болсын” деп жауап қайтарды. 

“Бұл өте салмақты айыптау” деп сөз қайтарды Рау. Екі депутат мәмілеге келген жоқ. Альберт Рау тіпті орнынан тұрып кетіп қалды.

 Заң жобасы талқыланып болғаннан кейін журналистер депутат Ізмұхамбетовтен не себепті ашуға берілгенін сұраған. Депутат заң жобасын екі-үш депутат әзірлеп, Үкіметпен келісіп, қайта Парламентке кіргізгеніне ашулы екенін жеткізді.

— Орысша айтқанда, “ставят перед фактом”! Бүгін Үкіметпен келісіпті, ал мен алам да түзеп қайта берем. Сонда Үкіметтікі де, депутаттардыкі де дұрыс емес болады. Сондықтан, қай жұмыс тобында құжат қаралғанын білгім келді. Заң жобасын әзірлеген екі кісі (депутат Авершин мен Рау) жер қойнауын пайдалану деген не екенін де білмейді. Өз сөзіме жауап берем! Жұмыс тобында мұқият қаралуы керек, - дейді ол.

Бақтықожа Ізмұхамбетов “Үкіметпен келісілген” деген қолындағы заң жобасының жазуын көрсетті. Ол құжатта мемлекеттің мүддесі атымен жоқ деп есептейді.