Кореяда 22 жастағы жігіт музыка тыңдағаны үшін өлім жазасына кесілді

130
Солтүстік Кореядағы Оңтүстік Хванхэ провинциясының тұрғыны оңтүстік кореялық 70 ән тыңдап, үш фильм көріп, оны таратқаны үшін жазаланды. Осылайша, ол «реакциялық идеология мен мәдениетке» тыйым салатын 2020 жылғы заңды бұзғаны анықталды. Оңтүстік Кореяның K-pop музыкасына тыйым салу Солтүстік Корея тұрғындарын Батыс мәдениетінің ықпалынан қорғау мақсатының бір бөлігі болып табылады. Оңтүстік Кореяның танымал мәдениетінің Солтүстік Корея қоғамына әсері, КХДР билігінің пікірінше, Ким әулетіне абсолютті адалдықты талап ететін жергілікті идеологиясына қауіп төндіруі мүмкін.