Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетті. Нәтижесінде ұлттық құрама 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының соңғы жарыс күні отандастарымыз 12 алтын, 9 күміс, 10 қола жүлде еншіледі. Осылайша жалпы есепте Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 (114) қола жүлдемен командалық есепте топ жарды.
Қырғызстан құрамасы 18 алтын, 21 күміс, 25 (64) қола медаль жеңіп алып, екінші орынға жайғасты.
Ал үшінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленді. Олардың еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 11 (34) қола медаль бар.
Төртінші орын 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасына бұйырды.
Бестікті 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Түркия құрамасы еншіледі.
Еске сала кетейік, дүбірлі додаға 89 елден келген 2 430-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен жүлделерді сарапқа салған еді.