Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы асық атудан жеңімпаз атанды

56

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпазы атанды.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.