Мексикалық боксшы, кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Оскар Вальдес орта салмақтың экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу үшін бар күшін салатынына сенімді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке cілтеме жасап.
Естеріңізде болса, еліміздің ҰОК басшысы Головкин өткен айда World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды. GGG боксты Олимпиадада алып қалуды өзінің басты міндеттерінің бірі деп атады.
Мексикалық боксшы Головкинге үлкен үміт артып отырғанын айтты
