Әлем мұсылман ғалымдары Одағының төрағасы Али Мухиддин аль Карадаги Ливан
мен Газа секторында жазықсыз мыңдаған адамның қанын төгіп жатқан қасіретті
соғысты бастаған Биньямин Нетаньяху басқаратын
Израиль үкіметіне қарсы күш біріктіріп соғысуға шақырды.
Карадаги өз сөзінде «Орын алып жатқан жағдай бейбіт тұрғындар мен әйел,
балалардың өліміне әкелуде. Бұл Нетаньяху басқаратын Израиль Үкіметінің
Иерусалмді және Иордания батыс бөлігін, Газа секторы мен Ливанды жаулап алу
арқылы өз террис торясын кеңейту мақсатында қантөгісті жоспары. Әлем
мұсылмандары және олардың үкіметтері мұның алдын алу қажет» деді. Сонымен қатар
Ислам елдерін Израильмен саяси қарым-қатынастармұнай, газ т.б өндіріс,
экономикалық бағыттағы барлық байланыстарды үзуге шақырды.