Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Өзбекстанда

25

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Өзбекстанға гастрольге аттанады.

Орта Азияның орталық, Қазақстанның «Әкемтеатры»  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры өзінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Өзбекстан Республикасының екі ірі қаласы Ташкент пен Нүкіс қалаларында гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетпек.  


Бұл гастрольдер Қазақстанның театр сахнасы үшін ғана емес, екі ел арасындағы мәдени алмасу үшін де маңызды оқиға болмақ. Өзбекстанның астанасы Ташкент пен Қарақалпақстанның әкімшілік орталығы Нүкіс өңірдің маңызды мәдени орталықтары болып табылады. Бұл қалаларда Қазақстандық театрлардың қойылымдары әрқашан үлкен қызығушылықпен қабылданады.


Гастрольдік сапарда қазақ драматургиясының үздік туындылары, соның ішінде Ғабит Мусреповтың, сондай-ақ қазіргі заманғы авторлардың жұмыстары ұсынылады. Бұл қойылымдар Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетін бейнелеп, көрермендерге қазақ театр өнерінің алуан түрлілігі мен тереңдігімен танысуға бірегей мүмкіндік береді.

Гастрольдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, достық пен қазақ ұлттық мәдениетін дамытуға бағытталған. Ұлттық театр қойылымдары әрқашан көрермендерге толы зал жинайды және бұл гастрольдер де ерекшелік болмайды деп күтілуде.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры жүз жылға жуық уақыт бойы дәстүрді сақтаушы ғана емес, сонымен қатар театр өнерінде жаңа көкжиектер ашқан жаңашыл театр. Оның алдағы ғасыры Қазақстан мәдениеті тарихындағы маңызды кезең болады, ал Өзбекстандағы гастрольдер осы мерекенің маңызды бөлігі болмақ.

Ташкент пен Нүкіс қалаларына жарнамалар әлде ілінген және бауырлас еліміздің көрермендері талантты актерлермен және бірегей қойылымдармен кездесуді асыға күтуде. Бұл іс-сапар екі елдің мәдени байланысын нығайтып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырып, екі халық арасындағы мәдени байланыстарды нығайтары хақ.