Музыкант Ерлан Көкеевтің гитарасы табылды

«25 маусымда Өскеменнен Алматыға ұштым. Гитараны өзіммен бірге алғам, бірақ әуе компаниясының қызметкерлері гитараны жүкке тапсыру керек деді, мен тапсырдым. Менімен бірге Астанаға ұшқан бір топ жолаушы болды, оларда да гитара болды. Алматыға ұшып келсем, гитара жоқ, бірден полицияға арыз жазып, жүгіндім», - деді Ерлан Көкеев агенттік тілшісімен ұялы телефон арқылы сөйлесе тұрып.
Оның айтуынша, музыканттың гитарасын басқа жолаушы шатастырып алып кеткен.
«Жолаушы (ер адам) менің гитарамды Астанаға алып кеткен. Мен іздеу салып, айғай-шу шыққаннан соң ер адам ол менің гитарам екенін түсінген. Осылайша ол кісі маған гитарамды қайтарды, гитара бүтін», - дейді ол.
Сондай-ақ, музыкант Air Astana компаниясының әзірге ешқандай шешім қабылдамағанын айтты. Компания өкілдерінің пайымдауынша, гитара Алматыға жеткізілді, одан әрі жүктің жолаушыға жетуіне әуежай жауапты.
Кеше Air Astana танымал музыкант Ерлан Көкеевтің гитарасын іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік.
Музыканттың айтуынша, мұндай оқиға бірінші рет болып жатқан жоқ және барлық жағдай Air Astana компаниясына қатысты.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 27
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 12
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 21
