Өмір бойына шеттетілген теннисші

Үлкен теннистен 28 жастағы отандасымыз Тимур Хабибуллин 21 келісілген ойынға араласқаны үшін спорттан өмір бойы аластатылып, 60 мың доллар айыппұл арқалады. Айта кетейік, жерлесіміз кәсіби мансабында 80 мың доллар сыйақы жеңіп алған.
Тимур Хабибуллин 2019 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Дэвис кубогына қатысып, жұптық бәсекеде Александр Недовесов/Тимур Хабибуллин Португалия спортшылары Жоао Соуза/Гаштао Элиашқа 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жол берген.
Бұған дейін Тимурдың әпкесі Альбина Хабибулина да 2021 жылы дәл осындай айыппен спортпен қоштасқан болатын. Өйткені ол 2019 жылы Франциядағы құны 15 мың долларды құрайтын жарыста күдіктілердің қатарынан табылған.
Қазақстанның теннис тарихындағы бұл алғашқы жайт емес. 2021 жылы 24 жастағы Роман Хасановқа үлкен тенниспен айналысуға 10 жыл тыйым салынып 100 мың доллар айыппұл арқалаған еді. Ал 2016 жылы төреші Кирилл Парфёнов Facebook әлеуметтік желідегі жазбасымен ұсталып, спортпен мәңгілікке қош айтысты.
ITIA сайтының дерегіне сүйенсек, 24 мемлекеттенн 43 теннисші, 4 төреші, 1 бапкер спорттан өмір бақи шеттетілген. Олардың арасында Украина (5), Ресей (4), Таиланд (4), Франция (4), Мароккодан (3) ең көп адам тіркелген.
Әзірге келісілген ойындар бойынша Марокко тумасы Юнес Рашиди (135 ойын) көш бастап тұр. Қара құрлықтың тумасы жеке рейтингте 753-орыннан ары көтеріліп көрмеген.
ITIA сайты бойынша ең көп келісілген ойындарға қатысқан теннисшілер:
Юнес Рашиди (Марокко) — 135
Джунн Мицухаси (Жапония) – 76
Себастьян Ривера (Чили) – 64 (бапкер)
Сергей Кротюк (Ресей) – 41
Алексис Мусиалек (Франция) - 39
Мохамед Хасан (Алжир) – 29
Настя Колар (Словения) - 25
Тимур Хабибулин (Қазақстан) - 21
Фабиан Карреро (Доминикан Республикасы) – 16 (төреші)
Морган Ламри (Франция) – 16
Mezgil.kz
Ұқсас материалдар

ҚазҰУ-де бір ай ішінде екі студент қайтыс болды: Ғылым министрлігі кешенді тексеру жүргізеді
🕒 19.11.2026 12:26 · 👁 1
АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялық бақылауы Орталық Азия елдерінің саудасына қауіп төндіруі мүмкін
🕒 19.11.2026 12:23 · 👁 1
2045 жылға қарай Орталық Азиядағы жүк ұшақтарының саны 450-ге жетуі мүмкін – Airbus болжамы
🕒 19.11.2026 12:11 · 👁 0
