Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

"Өмірімді құтқарды": Ұшақ апатынан аман қалған бразилиялық өзін бортқа кіргізбей қойған қызметкерге алғыс айтты

17


Бұл оқиға өмірде кейде жағымсыз болып көрінетін кездейсоқ оқиғалардың артында үлкен жақсылық жатуы мүмкін екенін еске салады.2024 жылғы 9 тамызда Бразилияның Сан-Паулу штатына қарасты Виньедо қаласында ұшақ апатқа ұшырап, 61 жолаушы қаза тапқан болатын. Vive La Plata басылымының жазуынша, алғашында 62 адам қаза тапты деп хабарланғанымен, бір жолаушы – Адриано Ассис – сол күні ұшаққа міне алмағаны, аман қалғаны анықталған.

Адриано Ассис өзінің аман қалғанын шын мәнінде ғажайып деп санайтынын айтқан. Ол Каскавел қаласынан Сан-Паулу арқылы Рио-де-Жанейроға ұшуды жоспарлаған.

Адриано таңғы 9:40-та Latam әуе компаниясының рейсіне дайындалып, әуежайға келген. Алайда рейс Voepass компаниясына ауыстырылғанын білмеген. Ол тіркеу орнына келгенде, оның жабық екенін көреді. Сол сәтте ол кафеде күтіп отыра тұруды шешкен, дегенмен, бұл шешім оның өмірін құтқарып қалатынын білмеген еді.

Бір сағаттан кейін қайта оралған Ассис ұзын-сонар кезекті көреді. Ал кезегі келгенде, әуе компаниясының қызметкері оған ұшаққа отырғызу уақыты өтіп кеткенін айтып, бортқа кіргізбей қойған.

Мен онымен дауластым, бірақ ол мені кіргізбеді. Бүгін сол қызметкерге алғыс айтқым келеді, өйткені ол өз жұмысын орындамаған жағдайда, мен қазір сұхбат беріп отырмас едім, – деді Ассис көзіне жас алып.

Flightradar деректеріне сәйкес, ұшақ апаттан бір минут бұрын 3 500 метр биіктікте ұшып бара жатып, кенеттен төмендей бастаған. Виньедо қаласының бірнеше тұрғыны ұшақтың құлаған сәтін бейнежазбаға түсіріп, бұл кадрлар әлеуметтік желілерде тез таралды. Куәгерлер ұшақ құламас бұрын қатты дүрсіл естігендерін айтты.

Бұл оқиға өмірде кейде жағымсыз болып көрінетін кездейсоқ оқиғалардың артында үлкен жақсылық жатуы мүмкін екенін еске салады.