Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Өзбек еліндегі қазақ мектебіне – 100 жыл

36
Іс-шарада мектеп директоры Баймат Таш­манов, Жақсылық Оразбаев, елші­лік­тің қызметкерлері Ерғали Қыстау­баев, Азамат Қыстаубаев, тағы басқалар сөз сөйлеп, мектеп ұжымына, ауыл бел­­­­сенділеріне жылы лебіздерін біл­­ді­ріп алғыс айтты, білім беру жолын­дағы ең­бектерін жоғары бағалап, ес­те­лік сый­лықтарын табыстады. Мерекелік іс-шараның көңілді өтуі­не мек­теп мұғалімдері мен оқушы­лары ба­рын салды. Білім ордасын көп жыл­дан бері көшбасшылық қабілеті мықты директор, «Өзбекстан Республикасы Ха­­лыққа білім беру ісінің үздігі» Баймат Таш­манов басқарып келеді. Бүгінде мек­тептің түлектері түрлі салаларда елі­­­міздің және алыс-жақын елдерде, со­ның ішінде Қазақстанда да еңбек етіп жатыр. Олардың арасында жоғары оқу орындарында еңбек ететін профес­сор­лар, ғылым кандидаттары, PhD док­то­ран­тары, сондай-ақ мемлекеттік мара­пат­тарға ие болғандары да бар. №9 мектеп о баста таза қазақ мек­те­бі ретінде ашылса, кейінгі кезде мұн­да балалар қазақ және өзбек тілдерінде бі­­лім алады. Қаламен іргелес ауыл бол­­­­­ған­дықтан Ташкенттің педагогика ба­ғытында білім алатын студенттер пе­дагогикалық практикадан өткізуге осы мектепке келеді. – Бүгінгі іс-шара ұжымдағы бел­сен­ді оқы­тушылар мен оқушылардың, мек­­теп түлектерінің арқасында өтіп жа­тыр. Мек­­­­тептің 100 жылдығының кең той­лануы – осында еңбек еткен ұстаз­дар­дың арқасында болып жатыр. Олар­дың өз кәсібіне деген сүйіс­пен­шілігі мен ел-жер тарихына бейжай қара­майтын сер­гектігінің арқасында осындай іс-шара ұйымдастырып отыр­мыз. Мектеп әкімшілігінен тартып, қа­ра­пайым техникалық қызметкерлерге дейін балалардың сапалы білім, саналы тәр­бие алуына, уақыттарын тиімді өт­кізу­леріне мол үлес қосып келеді, – дей­ді мектеп директоры Баймат Таш­ма­нов. – Осы оқытушылардың өз ісіне де­ген адал­дығы мен жаңашылдыққа ұмтылуы – біздің мектепті басқалардан ерек­ше етті. Сондықтан жалпы ұжымға алғысым­ды білдіремін. Осындай көп же­тістіктерге жеткен, оқушылары түрлі пән олимпиа­даларында жүлделі орын­дарды иеленген оқытушылармен, қа­жыр­лы еңбегін ая­майтын басқа маман­дар­мен бірге жұмыс істегенімді мақтан етемін. Иә, шынында да жақсы ұжым деген кәсіптестердің барлық кезде бір-біріне қол­дау көрсетіп, ортақ мақсатқа жетуде ауызбірлікпен еңбек етуі шығар. Сенім, қол­дау көрсету, сыйластық пен түсі­ніс­тік, тиімді әрі ашық қарым-қатынас, мә­селелерді жұмыла шешу, әділдік пен тең­дік болғанда әр ұжым осылай көп же­тістіктерге жетіп, қоғам мен жұрт­шы­лық тарапынан жоғары бағаланады, ал­ғысына бөленеді. Аталмыш мектеп ұжы­мы осындай қырымен еліміздегі өзге білім ошақтарына үлгі болып отыр. Шара аясында «Арғын ауылының та­рихы» атты кітаптың таныстыры­лы­мы өтті. Кітап авторлары – Баймат Таш­ма­нов пен жоғары санатты қазақ тілі жә­не әдебиеті пәндерінің оқыту­шы­сы Анар Үмбетова. Мектеп тарихына қа­тыс­ты жинақта мектептің іргетасын қа­лауға басты себепкер болған оқыту­шы­­­лардан тартып, қазірде еңбек де­ма­лы­сындағы ардагер ұстаздары және ауыл­дың зиялы қауымы, бетке тұтар азаматтары туралы материалдар ен­гізіл­ген. Олардың атқарған азатаматтық бо­рыштары мен ауылға, мектепке сің­ген еңбектері туралы жазылған. Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент қаласы