Павлодар облысында өз басына оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды
2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан.
Бұған дейін ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырған. Полиция тергеуді бастады.
"Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында Ертіс аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкері қызметтік қарудан өз басына оқ атқаны туралы хабарлаған едік.