Павлодар облысында жаңа көлік боялған болып шықты
Содан кейін тұтынушы автокөлікті автосервистегі арнайы құрылғымен тексеруге шешім қабылдады. Автосервис бампер мен жүк салғыш қақпағының қайта боялғанын анықтады. Осыған байланысты тұтынушы тауарды айырбастау және автосалонға және өндірушіге қайтару бойынша талаптар қойды.
Алайда оның өтініштері нәтиже бермеді. Автосалон мен өндіруші өкілдері екінші реттік бояу жұмыстарын жүргізбегендерін айтты.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15 бабының 1-1 тармағына сәйкес, техникалық жағынан күрделі тауарға және оның құрамдасына қатысты тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды не сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сондай тауарға ауыстыруды, не шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы.
Өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушы Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді.
Сонымен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30 бабының 2-1 тармағына сәйкес, тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.
Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты отыз жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.
Өтінішті қарау аясында Департамент автосалонға сауал жолдады. Нәтижелер бойынша автосалон осы бампер мен багажниктің қақпағын жаңасына ауыстырды, сонымен қатар тұтынушыға тегін техникалық қызмет көрсетті.
Егер тұтынушы осындай жағдайға тап болса, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 9 мекенжайы бойынша немесе өтініштерді қабылдаудың бірыңғай платформасы арқылы жүгіне алады E-otinish.gov.kz, бірыңғай ақпараттық жүйе E-tutynushy.kz немесе 8(7182) 551070 сенім телефонына хабарласыңыз