Ауруханада мектеп әкімшілігі оқу жылының соңына дейін онлайн форматтағы оқу ұйымдастырылған.
Павлодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңірде 13 жасында ана атанған оқушы қыздың отбасы туралы мәлімет жариялады. Ол қыздың отбасы тұратын Галкино ауылына ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зәкиева Динараның тапсырмасы бойынша барып қайтқанын айтады.
Белгілі болғандай, отбасы Қазақстанға 2019 жылы Моңғолияға екі баласымен көшіп келген. Моңғолияға Галкино ауылына оларға дейін тұрақтаған туыстары шақырған.
«Қазақстанда тағы үш бала дүниеге келді. Қазір анасы 2022 жылы туған бала күтімімен үйде отыр. Анасы оқи да, жаза да алмайды. Құжаттарға тек өз атын ғана жаза алады. Ал отағасы 6 сыныпты ғана бітірген. Арнайы мамандығы жоқ. Мектепте пеш жағушы болып жұмыс істеген. Қазір жұмыс істемейді. Үлкен қызының аяғы ауыр екенін 2024 жылы 3 сәуірде мектеп мұғалімдерінен естіген. Дәл сол күні УЗИ-ге түсіріп, ақырында аяғы ауыр екені расталған. Қыз бірден аудандық ауруханаға жатқызылып, 19 шілдеге дейін сонда жатқан. Ауруханада мектеп әкімшілігі оқу жылының соңына дейін онлайн форматтағы оқу ұйымдастырылған. Ауруханада жатқан үш ай ішінде ол қыз ЖАО мен мектептің педқұрамының жеке қаражаты есебінен киім, аяқ киім, тұтынатын жаттар мен азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отырған. Оқушы салмағы 3360 гр болатын қызды дүниеге әкелген. Облыстық пернаталдық орталықтан шыққан соң оның қайда тұратыны шешілетін болады. Сексуалдық зорлық-зомбылық туралы анасы да, әкесі де білмеген. Қазір олар күдікке ілінген туыстарымен ара қатынасты үзгенін айтады», – делінген жазбада.