Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Президент, премьер-министр және парламент спикерлері табыс декларациясын жарияламайды

50



Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты.

2025 жылы мемлекеттік қызметкерлер өз табыс декларациясын жариялауға тиіс.

Бірақ бұл талап президентке, премьер-министрге, мәжіліс пен сенат спикерлеріне және күштік құрылымдардың басшыларына әсер етпейді екен.

«Заңға сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап саяси қызметкерлердің декларациясы міндетті түрде жарияланады. Бірақ ерекше қорғалатын адамдарды қоспағанда. Жұмысының ерекшелігіне байланысты ҰҚК басшысы мен бас прокурордың декларациясы да жарияланбайды», — деді министр.



Мәди Тәкиев не үшін президент, премьер министрдің табыс декларациясы жарияланбайтынын түсіндірмеді.

Ол министр ретінде өз декларациясын 2025 жылғы 1 қаңтарда көрсетуге уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей табыс декларациясы күшіне енеді.