Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қарағанды облысының мемлекеттік қызметкерлері қазақ тілі білімінен сайысқа түсті

22

Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан халқы тілдері күніне және қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған "Ана тілім – абыройым" байқауы өтті. Оған аймақтық басқармалар мен департаменттердің сегіз командасы қатысты.Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан халқы тілдері күніне және қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған "Ана тілім – абыройым" байқауы өтті. Оған аймақтық басқармалар мен департаменттердің сегіз командасы қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:"Сәлемдесу", "Үш бәйтерек...", "Сөз – мерген", "Ісқағаздар сөйлейді". Тіл және әдебиет білгірлері Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізуде өз білімдерін көрсетті.Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан халқы тілдері күніне және қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған "Ана тілім – абыройым" байқауы өтті. Оған аймақтық басқармалар мен департаменттердің сегіз командасы қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:"Сәлемдесу", "Үш бәйтерек...", "Сөз – мерген", "Ісқағаздар сөйлейді". Тіл және әдебиет білгірлері Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізуде өз білімдерін көрсетті.

Бірінші орынды Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының "Әлихан Бөкейхан" командасы иеленді.

– Командамыз бес мемлекеттік қызметкерден тұрды. Қарсыластар мықты болды, бірақ біз барлық төрт кезеңнен өте алдық, сұрақтарға бірінші және дұрыс жауап бердік. Біздің басқармада барлық жұмыс екі тілде жүргізіледі. Осы жеңісімізден кейін басқа да әріптестеріміз келесі жылы байқауға қатысқысы келді, – деді Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы және "Әлихан Бөкейхан" командасының капитаны Қымбат Сәрсенова.

Екінші орынды Қарағанды облыстық қорғаныс істері департаментінің "Айбын" және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Қарағанды облыстық департаментінің "Мәңгілік ел – мәңгілік тіл" командалары өзара бөлісті.

Үшінші орынды екі команда иеленді – ауыл шаруашылығы басқармасының "Ортақ" және дене шынықтыру және спорт басқармасының "Толағай" командалары.

Конкурсты ұйымдастырушы - Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқының Тілдер күні 5 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күні қазақ тілі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынов дүниеге келді.