ҚР ТЖМ Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру бойынша сағат 18:30-дағы ақпаратты жариялады.
Ашық аумақта алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр. Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.
Кейібір БАҚ мәлімдеуінше аудан әкімідігі өңірде болып жатқан өрт туралы ақпараттарды таратуға тиым салып жатқан көрінеді. Ауруын жасырған өледі деген. Даланың өртіне шамамыз келмей жүріп АЭС саламыз дегендері күлкіңді келтіреді. Өрттен құтқару қызметінің сержанты Қайрат Қали қаза тапса бірнеше қызметкер ауруханада жатыр деген ақпарат бар.