Қарағандыда 15 жастағы қызды қағып кеткен әкімнің баласы айыппұлмен құтылып кетті
“Қызымды былтыр 25 қыркүйекте жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқанда қағып кетті. Көлікті Қарқаралы ауданына қарасты бір ауылдың әкімінің баласы басқарған”, – дейді жәбірленушінің анасы.
Әйелдің айтуынша, жол апатынан кейін қызына іш жарақаты, полижарақат, ми шайқалуы, жабық бассүйек жарақаты, кеуденің және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаты деген диагноз қойылған.
Десе де сарапшылар ауруханадан алынған медициналық құжаттарға қарап, жәбірленушінің жарақаты жеңіл деген қорытындыға келді.
Айыпталушының әкесінің айтуынша, ұлы көлікті мас күйінде басқарған жоқ, өз ісінен жалтармады, тіпті сыбайлас жемқорлық ісі жоқ. Сондай-ақ сот Заң талаптарына сәйкес шешім шығарды дейді Қарқаралы ауылының әкімі.