Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қарағандыда өткен сот кімді соттап, кімді қорғап отыр немесе әділетті сот Қазақстанда қашан орнайды?

ulysmedia
83


АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ -Кеше ғана яғни 2024 жылдың тамызында Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотында былтырдан ел назарында болған Е.Бөкетов атындағы ҚАРМУ  студенті Нұржан Беріктің өліміне қатысты сот үкімі шығарылды. Ұрып соққан төртеу,сотталған біреу. Судья Сабур Нуритдиновты 8 жыл бас бостандығынан айырды. Нұржан университеттегі белсенді, үздік студенттердің бірі болған. 2023 жылдың 29 нан 30 сәріге қараған түні Қарағандыға TEDD рестобарында болған. ҚАРМУ-дың әскери кафедрасын үздік тәмамдаған Нұржан ағасы Арман екеуі осы рестобарға келгенде Мақашевпен кездесіп қалған. Өзінің қарындасымен жүргені үшін ішінде қыжылы бар Мақашев Нұржанға тиісіп, артынан келген ағасы Арманды да балағаттайды. Дегбірі қашқан Мақашев ақыры Арманға келіп, сыртқа шығып сөйлесіге шақырады. Одан кейін рестобардан атып шыққан Ерсін Мақашевтың достары Сабур Нұритдинов, Әлібек Тілемісов және Шәріп Нұрмағамбетов атып шғады. Нұритдинов күтпеген жерден Нұржанның бетінен ұрады. Соққының қатты тигені соншалық Нұржан сол жерде жан тапсырады. Әкесі Жастілек Рыспектің айтуынша «Оқиға орнын тастап қашқан топ Қарағандыдан шығып Осакаровканың тұсына келгенде полиция қызметкерлері хабарласып кейін қайтуын сұраған. Оларды қала шетінде ұстадық деген мәлімдемелері жалған. Соынмен қатар Нуритдинов еркін күрестен спорт шебері. Көптеген жарыстарға қатысқан жеңімпаз. Бұл туралы мәліметті ЦСК клубының ақпаратынан скриндеп үлгердік. Ал спорт мектебі сотқа берген хатында Нуритдинов Сабур оларда тізімде жоқ деп жалған анықтама берген» дейді. Бұған дейін Нуритдинов сыныптасы Нарданды аяусыз соққыға жыққан. Алайда бұл қылмыстық іс ғажайып жағдайда 2023 жылдың қазан айында тоқтатылған. Жастілек Рыспеков әділдік іздеп бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Алайда қаншалықты «әділ» өткені кешегі сотта көрінді. «Қылмысты бастаушы, ұйымдастырушы Ерсін Мақашев тіптен қатысы жоқ болсып шықса жанында жүрген сыбайластары да бостандықта қалды. Ал Нуритдиновқа берілген 8 жылдың екі жылы (уақытша тергеу абақтысында бір күні, бір күн жарым болып есептеледі) 2 жылы өтіп кеткендігі және материалдық шығынды өтеген жағдайда алдын-ала босап кетуі де ықтыимал» деп күдіктенеді анасы Айгүл  Рахымбекова. Нұржан Беріктің айтуынша «Ерсін Мақашев ҰҚҚ Қарағанды облыстық департаментінің бөлім бастығы Манас Мақашевтың ұлы» дейді. Күштінің арты диірмен тартады дегендей, айран ішкен құтылып, шелек жалаған құтылған бұл сотта түсініксіз жәйіттер өте көп болған. Бірақ жәбірленуші жақтың адвокаттары алға тартқан уәждердің бірінде ескермеген сот мырза кесімді үкімін кеше айтты.Президентіміз «Әділетті Қазақстан» орнатамыз. Сот, билік өкілдері халықтың жағында болып, әділдікті ту етуі керек деп еді. Алайда бұл сөз Қарағандылық прокуратура, сот, ішкі істер органдарына жүрмейтін сияқты.  Сотта қатысушы Мамбарұлы  Жанарбек « Қазақтың бір баласы өліп, бір баласы сотталып жатқанын көріп отырсыздар. Бұл жастар арасындағы рухани тәрбиенің жоқтығын көрсетеді. Алланың үкімінсіз бірін-бірінің өмірін қиюға еш мұсылманның құқығы жоқ. Жастар арасында болып жатқан мұндай сұмдықтарға жүрегім ауырады» деді.

Расында 19 жасқа келіп, ел алдына шығып, жақсы оқу, үздік тәрбиесімен елге, университетіне, қоғамына сыйлы, кішкентай ғана жүрегі «Қазағым» деп соққан, келешекте тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосар үлесі мол Нұржан Беріктей жас өреннің парықсыздардың кесірінен бұл пәниді ерте тастап кеткені өкінішті. Жәбірленуші жақ қорғаушылары алдағы уақытта аппелияциялық сотқа береміз деп отыр. Сот Жоғарғы сот құзыретінде қайта қаралып әділдік орнап, тиісті қылмыскерлер жазаларын алады деген сеніммен қайттық.