Munarmedia.kz.19.11.2026.ASTANA Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына тыйым салу жоспарланып отыр. Мұндай норма тиісті заң жобаларына енгізіліп, мақұлданған.
Сонымен қатар, жазылушыларының саны 5 мыңнан асатын онлайн-платформаларды пайдаланушылардың арнайы тізілімін уәкілетті орган жүргізетін болады.
Білім беру бағытында контент жариялайтын авторларға да жаңа талап қойылады. Олар өздерінің білімі туралы мәліметтерді диплом немесе сертификат арқылы растауы тиіс.
Бұдан бөлек, заңнамаға «оккульттік қызметтер» деген жаңа ұғым енгізілмек. Мұндай қызметтер туралы материалдарда олардың ойын-сауық сипатында екені және ғылыми не практикалық тұрғыдан дәлелденбегені жөнінде арнайы ескерту болуы қажет.
#Қазақстан #ӘлеуметтікЖелі #ЦифрлықЗаң #БалаларҚауіпсіздігі #Munarmedia





