Munarmedia.kz. 13.10.2026. ASTANA-
2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатыспайтын азаматтарға бірқатар негізгі медициналық қызметті алу мүмкіндігін беру ұсынылып отыр. Тиісті өзгерістерді Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген.
Жобаға сәйкес, емханаға алғаш рет жүгінген пациенттер сақтандыру мәртебесіне қарамастан мынадай қызметтерді ала алады:
жалпы қан және зәр талдауы;
қан қысымын өлшеу;
электрокардиограмма (ЭКГ);
пульсоксиметрия;
флюорография;
жекелеген функционалдық зерттеулер;
құрсақ қуысы мүшелері мен бүйрекке ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ).
Сонымен қатар пациенттерге медициналық ақпаратты автоматты телефон қоңыраулары арқылы жеткізу және тексеру нәтижелерін қайтадан емханаға бармай-ақ алу мүмкіндігін енгізу ұсынылған.
Министрлік бұйрығының жобасын қоғамдық талқылау 23 қазанға дейін жалғасады. Ұсыныстар талқылаудан өтіп, тиісті шешім қабылданғаннан кейін ғана өзгерістердің нақты тәртібі белгілі болады.
#Munarmedia #Қазақстан #ДенсаулықСақтау #МӘМС #Медицина #Емхана