Қазақстанда 4 мыңдай Қытай, 2 мыңдай Үндістан азаматы жұмыс істейді
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 937 шетел азаматы еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар арасында мынадай санаттар бар:
басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 567 рұқсат (бірінші санат);
құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 582 рұқсат (екінші санат);
Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 512 және 602 адам.
Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 1 790 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 884 адам тартылған.
Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 443,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99,2%-ын құрайды, деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер мына салаларда:
құрылыс – 4 403 адам;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 817 адам;
әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 684;
тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 387 адам;
өңдеу өнеркәсібі – 1 275 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
Қытай – 3 938 адам;
Өзбекстан – 1 919 адам;
Үндістан – 1 145 адам;
Түркия – 1 101 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленген.
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.