Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

"Қазақстанда адам құқығы барған сайын нашарлап бара жатыр".

36

Варшавада адамзат өлшемі бойынша өткен конференцияда Ар.Рух.Хақ қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожина осылай деп мәлімдеді

🗣

 "Қазақстанда қазір 23 саяси тұтқын бар. Бұрын белсенділерді қуғындағы Мұхтар Әблязовты жақтады деп айыптаған. Қазір билік жаңа нәрсе ойлап тапты – ешкім көрмеген "құпия" куәгерлердің айтқаны негізінде есірткі сақтады деп айыптау. Бұған дейін белсенді Асанәлі Сүйеубаев есірткі үшін 10 жылға сотталды, Айдар Сыздықовты 5 жыл түрмеге кесті. Бұрын [белсенді] Мәлік Ахметқалиев сотталған. Ойдан құрастырылған айыптаулар бойынша журналист Думан Мұхаммедкәрім, Әйгерім Тілеужан, Махамбет Әбжан, интернетте жазба жариялағаны үшін Данат Намазбаев түрмеде отыр. Қазақстанда ондаған аноним телеграм-арна бар, олар күн сайын шенеуніктер, кәсіпкерлер, саясаткерлер туралы ақпараттар беріп отыр, ал жауапқа таңдап тартады" деді құқық қорғаушы.

Құқық қорғаушы белсенді Айдос Садықов Киевте қастандықтан қаза болғанын айтып, ЕҚЫҰ-дан Қазақстан билігін осы қылмыс бойынша жауап беруге шақыруды сұрады.

ℹ️

 ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросы жыл сайын өткізетін адамзат өлшемі бойынша конференцияға 60-қа жуық мемлекеттен мемлекеттік ведомство өкілдері, халықаралық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылар, белсенділер қатысып, адам құқығы мәселесін талқылайды.