Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігу мәселесі қашан шешіледі

37


 ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев жаз айларында рейстердің кешігуі деректеріне қатысты түсінік берді.

«Рейстердің кешуі әр мемлекеттегі әр компанияда болып жатады. Биыл біздегі көрсеткіш 77 пайыз шамасында. Басқа мемлекеттермен салыстырсақ, АҚШ-та - 77 пайыз, Еуропада 76 пайызды құрады. Жалпы, биыл осы көреткіш төмендеп жатыр. Boeing өндірісінде, жаңа ұшақтарды әкелуде проблемалар байқалды. Мәселен, биыл біз 12 жаңа бортты әуе компанияларына жеткіземіз деп жоспарлаған едік. Қазір оның тек 8-і келді, ал жыл соңына дейін төрт ұшақ жеткізіледі», - деді Т. Ластаев елордада әуе көлігі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тамыз айында елімізде бірнеше әуежай жөндеуге жабылған. Бұл тұрғыда Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді.

«Сондықтан күндізгі рейс саны көбейді. Әуежай 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істесе, сағатына 10-12 рейс келетін. Қазір күндіз бұл көрсеткіш 20-25-ке көбейген», - деп түсіндірді вице-министр.

Мұнымен қоса ол жақында жауған бұршақ біраз ұшақты зақымдағанын айтты.

«Қазақстандағы әуе компанияларында 101 ұшақ бар, оның ішінде 10-ы түрлі себеппен тұрып қалды. Бесеуі бұршақ жауғанда зақымдалды. Қазір соның бәрі жөнделді. Сол кезде рейстердің кешігуі көбейген еді. Жалпы, аталған 10 ұшақ рейстерге кірісті. Бұдан бөлек, Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделіп жатыр, сондай-ақ Ақтау әуежайында да осы жұмыстар басталды. Еліміздегі әуежайларда жөндеу жұмыстары аяқталғанан кейін, рейстердің кешігуі мәселесі шешіледі», - деді Талғат Ластаев. 

Бұдан бұрын хабарланғандай Көлік вице-министрі вьетнамдық компанияның Qazaq Air-ді сатып алуы рәсімі күзде аяқталатынын растады