Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанда қылмыстық ұйымдасқан топтар неге көбейіп кетті

фото 12best news.kz
59



 

Бар жоғы бір айдың ішінде 5 жерде қылмыстық топтардың іөкілдері құрықталды. Елде не болып жатыр? Кім қаржыландырып, қайдан шығып жатыр?

Бүгін Ұлытау облысында кәсіпорыннан қорытылған металды шығарып жүрген қылмыстық топ құрықталды. Жалпы ұсталған кездегі тауар құны 6,5 миллион тенгені құрады.

23 қыркүйекте ұйымдасқан қылмыстық топтың 50 мүшесін құрықтады. Олар түрлі тауралар мен автокөліктерді ұрлаған және ұйымдастқан қылмысты қаржыландырған.  Адамдардың сеніміне кіру арқылы 2 миллиард тенгенің затын ұрлаған деп айыпталуда.  13 қыркүйекте ұйымдасқан қылмыстық топ басшысысын тұтқындаған. Оған адам өлтірмуге оқталды деген айып тағылып, 12 жылға түрмеге тоғытылды.

11 қыркүйекте Алматының қалта тонаушы қылмыстық тобы құрықталды. Анықталғандай қылмыстық топтың 11 мүшесі өткен жылдан бері автобустар мен қоғамдық көліктерде азаматтардың құнды заттарын қолды қылумен айналысқан.

4 қыркүйекте Алматы облысында Қызылорда облысының тумасы, қылмыстық топтың мүшесі 38 жастағы әйелді «қылмыстық бизнесті ұстады» деген айыппен тұтқындады. Қауіпсіздік органдарының мәліметіне қарағанда бала сатумен айналысқан.