Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады
Ел ішінде “Қойшы бала” атымен танылған Жігер Ауыпбаевтың шәкірті Айдос Кәден өнерден кететінін айтты. Бұл туралы ол өзінің ТiкTok парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz порталы inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Қойшы бала" ұстазы Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін жазды.
– Қойшы бала өзінің ТiкTok парақшасына: “Бұйырса, ағайын, өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер, – деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Жігермен ара-қатынасының дұрысталуын тілеп жатыр.
“Бұл балаға обал болды. Жаңа ғана танымал болып келе жатып, өзіміздің қазақ бауырлары қысым көрсетіп, көрелмаушылық болды”, “Жұлдыз болып кетіп едің”, “Жігерден кешірім сұра”, “Продюсер ағаң қайда кетті?” деп жазып жатыр көпшілік.