Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қор болған Құрылтай

106


 

АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ -Алматыда ЛГБТ ұйымының мүшелері кезекті «Құрылтайларын» өткізуде. Бұған дейін Алматы әкімдігі барынша кедергі жасап, рұқсат бермегенімен лесбияндар өз дегеніне жеткен сияқты.

Қашаннан бері экология мәселесі ЛГБТ қызықтырып жүр. Тіпті АЭС қарсымыз деп өздеріне жақтастар жинамақ болды.

Биылғы жылы елімізде ЛГБТ жұмысыын тоқтату туралы петиция жарияланып еді. Оны мәдениет және ақпарат министрлігі жылы жауып қоя салды. Жақында Грузия Парламенті тиісті заңға қол қойды.

 Ел президенті қол қоймаған құжатқа Парламент төрағасы өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып қол қойды. Бізде қашан нақты шектеу қойылады. Адамзатты азғындыққа бастайтын ЛГБТ өкілдерінің ашықтан-ашық тайраңдап жүруне неге рұқсат беріледі? Әлде БҰҰ айтты екен деп, қазақтың болмысы мен салтына қайшы әрекеттерге баратын мұндай азғындарға жол бере береміз бе?

Ертең сізбен біздің немесе осыған рұқсат беріп отырғандардың ұрпақтары қандай болады? ЛГБТ, соғыс, жұқпалы ауру  деген әлемдегі  адамзат санын азайытуға қарсы қолданылатын қару.

Бар жоғы 20 млн қазақстандық әлемге көп болып көрініп тұр ма? Еуропа елдерін жалмап, психологиясын бұзып тастаған ЛГБТ идеологиясының жемісін Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында әлем елдері көріп жағаларын ұстаған жоқ па?

 Қазақтың дана ақсақалдары мен бетке ұстар билері жиналып, ел мәселесін талқылайтын Құрылтай сөзін тәні мен жанын шайтанға сатқан ЛГБТ қолдануына тиым салу керек. Ұлт болып қаламыз десек, ұлтқа қарсы мұндай пасық әрекеттердің жолын кесіп отыру керек.