Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қорғаныс министрлігі сарбаз өміріне жауап бермейді

34

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі кейбір құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтің қауіпсіздігін қадағаламайды.

 

Қорғаныс министрлігі өткен жылдың желтоқсан айынан бері комада жатқан әскерге шақырылған Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты түсініктеме берді.


«Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімінде қызмет еткен. Мерзімді сарбаздар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде де қызмет ететінін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі аталған құқық қорғау органдарында әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды». Әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады, деп қосты министрлік.

 

Қорғаныс министрлігі олар Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге алаңдаушылық білдіріп, еліміздің Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Бейбіт күнде сарбаздардың денсаулығына жауап бере алмайтын Министрлік ел шекарасын қорғауға қабілетті дегенген сенбеймін.