Жітіқара қаласында өрт пен үйдің шатырының опырылуы салдарынан қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеудің барысы Бас прокурордың бақылауына алынды.
Қайғылы оқиға түнде болған. Үй шатыры опырылып құлаған кезде онда ересектердің қарауынсыз қалған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау кезінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді.