Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады

54

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда.

«Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі», — деп жазды ұлттық компаниядан.

Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдағанын жазғанбыз.