Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ҚҰДАЙ БАР БОЛСА, ҚАЗАҚТЫ КӨРМЕЙ МЕ?..

226
«Бәсе» каналын жүргізіп отырған Айдос Садықов дүние салды. Иманды болсын!.. Апыр-ай ә?.. Бай емес. Бағлан емес. Мемлекет қаражатын миллиардтап жеп шетелге қашқан емес. Адал еңбегімен кеткен жігіт еді. Азамат еді. Бірер мәрте хабарластым. Сөзі түзу еді. Ісі де оң еді. Мақұлдасып біраз сөйлестік. Атып кетті. Үйінің ауласында. Жау алыстан емес. Өзінің түбі бір. Кіндігі бір жамағайыны һәм қазағы атты. Не үшін атты? Себебі бар ма? Ату керек болды ма? Тапсырыс па? Бұл жағын енді дөп басып айта алмаймын. Ондай құзырет. Ондай құдырет жоқ. Атты. Кісі қолынан қаза тапты. Кешегі алаштың ардакүрең, оғлан азаматтары Сталиннің жендентерінің қолынан һәм бәлшебектердің қолынан өлді. Заманы солай. Адамы солақай болды. Иттен әрмен, қорқаудай болды ғой. Ел тәуелсіздігін алғанда «арда қазақтың баласы» қуанды. Ел болдық. Кең боламыз. Қазақ боламыз деп. Жоқ, Бәлшебектердің бөлшегі әлі бар екен! Заманбекті атты. Алтынбекті атты. Дулатты өлтірді, Дулаттың баласы өлтірді. Енді міне Айдос... Жылан ажал. Қорқаулардың қанды қолы мұншалықты ұзын болар ма!? Қазақты қазақ өлтіре бере ме? Қазақтың қанына-қазақ жерік бола бере ме? Немісті неміс атқан жоқ, жер-әлемге кезінде Гитлер қырғын салғанда. Қазақты қазақ атып келе жатыр. Демек «қазақтың жауы қазақ». Қасқа қазақ! Басы бірікпеген қазақ. Қашан ес жиып, ел боласың!? Бүйте берсең, былай жүре берсеңіз Күн болуыңыз екіталай. Қайта құлдық күтіп тұр. Ұлың өсер, Қызың жетілер... Өкініш сонда болар. Ұлттық идеялогия әб-ден ақсады. Жоғарыдағы көкелер, ағалар, апалар игі жақсылардың барлығының үні құмыққан. Дауысы бәсең. Көңілдері Отанға деген жоқ сияқты мен үшін. Біреу «тіл» дейді һәм «қазақ тілі» туралы тақырыпты қозғайды. Мемлекеттік мінберде тәуелсіз елде «тіл» туралы тақырыпты қозғаудың өзі ҮЛКЕН ҰЯТ! Екіншісі жеудің қамы. Жесек дейді. Ішсек дейді. Бас пайдасын іздейді. Айдос осылардың барлығын айтты. Ашық айтты. Шырылдап айтты. Ақыры Айдосты атты. Киіз кітаптың сөзіне сенер болсақ «Айдос сөзсіз жұмаққа барады», ал атқандар әйтеуір бір өлер. Дозақ дайын тұрар. Бірақ Алланың алдына бармас бұрын қылмыскерлер «тиісті жазасын» алуы керек қой. Айдос көп тоқтының бірі емес. Сон-ау жеріне жау кірген Киевте тұрып елдің мұң-мұқтажын айтқан ірі азамат, тарпаң азамат еді. Ақыры жер-әлемге тағы да қазақ күлкі болды. «Бауырсыз қазақ» деген ауыз бармайтын атаққа ие болды. Қайран қазақ, Қасқа қазақ, Ойлан қазақ. Келесі қанішердің оғы кімнің маңдайына қадалар екен? Бұл жағын айтудың өзі қорқынышты. Алла ажалымыздың адамнан емес, өзінен берсін! Заман райы осылай ағайын! Айдостың рухына Фатиқа! Алаш көсемдерінің соңғы тұяғы Айдос. Ақиқаты осы! Бірақ Құдай бар. Асықпайды Құдай!.. R.S: Сөзімді бұрыс дегендер қолдар, қолдамаса өз сөзім –өзімдікі... Бурабайдың Жеңісі