Жақында Қостанай облысына Президент іссапармен
барды. «Ескі Қазақстанның» өкілі, Солтүстік Қазақстанды басқарып айтарлықтай
нәтижеге қол жеткізе алмаған Құмар Ақсақалов облыста 14 тауарлы-сүт фермасы, 44
мал шаруашылығы кешені және екі ірі құс фабрикасын салу жоспарлап отырмыз деді.
Өңірде
сүт пен ет өндіру 1,4 есеге, құс еті 5 есеге артады, деп хабарлады облыс әкімі
Құмар Ақсақалов. Өңір үш жылда инвестициялық жобалар арқылы өңделген өнім үлесін 70
пайызға жеткізу міндетін қойды.
Жоспарлар ауқымды, келешегі тамаша. Бірақ бізде әрқашан көп
жоспарлар бар, бірақ практикалық нәтижелер бірнеше есе аз. Оның үстіне бұл
жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген бірден объективті себептер бар.
Көбінесе оның себебі басқада – жергілікті биліктің баяулығы мен құлықсыздығы
мен әрекетсіздігі салдарынан уәделер үйіп, төгіліп беріліп, кейіннен орындалмай
жатады. Пайымдауымызша, Қостанайға жалында жастардың бірі әкім болғаны дұрыс
сияқты. Әрине ол Президенттің құзырындағы нәрсе. Су тасқынынан соң Міржақып
Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауылдарда біраз уақытқа дейін жарық пен
жолсыз қалған еді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, проблема түбегейлі шешілмеген.
Облыс басшысы аяғының ұшын да тигізіп, ауылдарды араламаған деседі.