Ер адам бояу-сырлау жұмыстарымен айналысқан. Бұл аралықта ол тек 1 күн демалыс алуды шешіпті. Алайда 3 айдан аса уақыт өткен соң ол өзін жайсыз сезініп, денсаулығына байланысты демалыс алған.
Ер адамның жағдай нашарлап, ауруханаға жатқызылыпты. Дәрігерлер оған өкпе инфекциясы мен тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойған. Бірақ ем көмектеспей, ол көз жұмды.
Сот жұмыс беруші заңды бұзып, артық жұмыс істеу қызметкердің денсаулығына кері әсер еткенін анықтаған. Енді марқұмның отбасына 56 000 $ өтемақы төленеді.