Көлік және ішкі істер министрлігі InDrive компаниясымен бірлесіп, арнайы талап енгізді.Жаңа жылдан бастап ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Көлік және ішкі істер министрлігі InDrive компаниясымен бірлесіп, арнайы талап енгізді. Яғни, такси қызметін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігі толықтай такси агрегаторларының мойнына жүктелмек.
«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», - деп хабарлады ол.