«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Орал қаласында заманауи креативті хаб ашылады. БҚО-ға жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов облыс әкімі Нариман Төреғаливпен бірге «OzgeEpic Oral» креативті орталығының жөндеу жұмыстарымен және жобаның жалпы жүзеге асу барысымен танысты.
Жаңа шығармашылық кеңістік қаладағы мәдениет және жастар сарайында бой көтереді. Ғимараттың 1 қабатында концерт алаңы, театр, кинозал, қоғамдық кітапхана және асхана болады. 2 қабатта галерея, мұражай, дәріс, коворкинг, АІ зертхана, мультимедиялық көрме, өндірістік цех және медиа цех орналасады.
Жаңа креативті хабта облыс тұрғындары тәлімгерлердің жетекшілігімен спектакльдер, мастер-класстар қоюға, анимация мен дубляж жасауға еркін қатыса алады. Осылайша, шығармашылық жастарды түрлі контент дайындау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған орталық құрылады. Сонымен бірге сұранысқа ие бағыттар бойынша 200 адам жаңа мамандықтарға оқытылады. БҚО-да шығармашылық хабтың ашылуы келесі жылдың соңына жоспарланған.
«Мемлекет басшысы аймақтарда шығармашылық индустрия орталықтарын ашуды тапсырған болатын. Бұл бастама өңірдегі талантты жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, креативті хабтар аймақ экономикасының дамуына серпін әкеледі. «Самұрық-Қазына» қоры осы саланы дамытуды қолға алды. Мәселен, былтыр Ақтөбе облысындағы кітапхана ғимараты ғылым мен креатив орталығына айналды. Бүгінде Оралдағы креатив хабының жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Самұрық-Қазына» қолдауымен осындай тағы бір креативті хаб Солтүстік Қазақстан облысында ашылады», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында креативті өндіріс нағыз инклюзивті экономиканың даму көзі болып табылатынын атап өтті. «Самұрық-Қазына» - ның осы креативті хабты құруға қосқан үлесі біздің өңір үшін зор маңызға ие. Бұл жоба шығармашылық индустрияның дамуына ықпал етіп қана қоймай, біздің жас таланттарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Батыс Қазақстан облысы еліміздің түкпір-түкпірінен келген креативті адамдар үшін креативті алаңға айналатынына сенімдіміз. Шығармашылық саланы дамыту - болашаққа салынған инвестиция, алдағы уақытта нәтижелер болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Нариман Төреғалиев.
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап БҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы сомасы 1 млрд 494 млн құрайтын 16 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетт