Семейде теракт туралы әзілдеген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды
Оқиға 17 қаңтарда болған.
«Полиция террористерді тұтқындау туралы хабарламаға байланысты мекемені қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Кейінірек мектепте террористік акт туралы 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім хабарлағаны белгілі болды, олар жедел арнаға қоңырау шалды.
Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», делігген хабарламада.
Сондай-ақ, екі оқушы есепке алынды, олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.