Шымкентте 35 мың адамға арналған еліміздегі ең үлкен стадионның іргетасы қаланды

Айта кетейік, бүгінгі таңда қалада бір ғана Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион бар. Бұл спорт нысаны 1969 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы – 18 мың орын. Кеңес кезінде «Октябрдің 50 жылдығы» деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің «Металлург», «Мелиоратор», «Синтез» және «Достық» клубтары өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді. Кейін 2003 жылдан бері жергілікті «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болды. Шымкент әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беру кезінде қалаға заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатын. Сол кезде Президент биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы тапсырма берген еді.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 27
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 12
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 21
