Түркияда бойжеткен жігітінің жаңа құлаққабын тыңдау кезінде құрылғы жарылып, оң құлағы естімей қалды.
24 жастағы студент өзіне сымсыз құлаққап сатып алған. Сүйіктісі құрылғыны ашқан кезде сынап көргісі келген. Қаптамадан алғаннан кейін оң жақ құлаққап жарылып, қыздың бір құлағы біржола естімей қалған.
Samsung кеңесшілері кешірім сұрап, құлаққапты жаңасына ауыстыруды ұсынған. Ер адам компанияның бұл әрекетіне ренжіді.