Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовтың сөзінше, қазір төртінші ғарышкерді ұшыру үшін тиісті мемлекеттермен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда ғарышкерлерді дайындайтын оқу орны жоқ. Сол себепті нақты шешім шықса, белгіленген адам ғарышқа АҚШ немесе Ресейдің арнайы бағдарламасы арқылы ұша алады. Әзірге нақты кімнің аттанатыны жайлы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, елімізде ғарыштық 5 бағдарлама бар. Ал ғалымдар алтыншы бағдарламаны жасап жатыр.