Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Талғатқызы Айнагүл. Мен жаңа заман педагогімін

128

Адамның адамшылығы ақыл- ғылым,

жақсы ата-ана, ұстаздан болады».

 Абай Құнанбайұлы

 


 

 

Жетістіктері:

2010-2014 жылдары шәкірттері бірнеше дүркін қалалық, облыстық балалар шығармашылық «Рауан», «Бүлдіршін» фестивалінің лауреаты атанды.

2014 жылы ұстаз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының  Қазақстандық І слетіне» қатыса ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталып, сертификат иеленді.

«Үздік оқу- әдістемелік құрал» конкурсына қатысып «Түрлі- түсті эмоциялар» номинациясы бойынша І орынға табан тіреген.

2014-2015 жылдары Мектепке дейінгі мекемеде «Ең үздік вариативтік бағдарлама», «Ән- күй сабақтарындағы заманауи технологиялар- балалардың қабілетін дамыту құралы», «Табысты Әдіскер мектебі», «Ересекке және балаға жедел көмек көрсетудің тактикасы/BLS курс/, медициналық амалдардың стандарттары», «музыкалық- теориялық пәндерді құрылымдаудағы инновациялық әдістер» бағдарламалары бойынша курстардан өтіп сертификатталынған.

2017 жылы «Дарындылар додасы», «Шоқ жұлдыз», «Дарындылар додасы» сынды атаулы облыстық сайыстарға қатысып гран-при /бас жүлде/ атағын жеңіп алған.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, өскелең ұрпақты қазақ тілін білуге тәрбиелеп, ұлттық тәлім- тәрбие алуына, көпұлтты еліміздің халықтар достығын жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін Аршалы ауданы тілдерді дамыту орталығы алғыс хат жариялаған.

2018 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы Республикалық  «Музыка- жүрек тілі» атты байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері.  

2018жылы Ақмола обылысы, Аршалы ауданы  бойынша «Үздік педагог 2018» байқауына қатысып «Бас жүлде» иегері атанды. Ақмола обылысына Көкшетау қаласына жолдама алып, Ақмолла обылысы бойынша мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұйымдарындағы «Үздіу педагог-2018» обылыстық  конкурсына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

2019 жылы Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында белсенді еңбек атқарғаны үшін Аршалы ауданының білім бқлімі алғыс хатпен марапатталыныды.

2019-2022 оқу жылы аралығында бала күтімі бойынша  декреттік еңбек демалысында болды.

2022 жылы «ТМД елдері бойынша техникалық білім жүйесін дамытудың халқаралық қоры» қоғамдық қорының «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесіне ерекше білім беругетқажеттілігі бар балаларды қосу» атты көлемі 72 сағат біліктілікті арттыру курсын оқып сертификаталынды.

2022 жылы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Кең дүние есігіңді аш, мен келемін» атты Республикалық  балалар шығармашылық  байқауға қатысып шәкірті І- дәрежелі орын иеленіп медаль диплом иегері атанды ал  ұстазы Алғыс хатпен марапатталынды.

2022 жылы Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырымен «Келін-Қайын ененің топырағынан» атты аудандық байқауға қатысып «Бас жүлде» иегері атанып алғыс хатпен мараппаталынды.

2022-2024 оқу жылы аралықтарында Халқаралық Республикалық көп жанырлы «NOMAD GRAND FESTIVAI», «VIVA ASTANA»,  «ASTANA STARS», «Мен білімді баламын», «Балдаурен» атты  балалар  өнер фестиваль- конкурстарына шәкірт дайындап қатысып, «Бас жүлде», 1-дәрежелі орындар иегері.

2024 жылы Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастыруымен 15-мамыр- Халқаралық отбасы мерекесі қарсаңында  «Отбасым-әнім ғұмыр-дариям» атты  байқауға қатысып «Өнегелі отбасы» номинациясын иеленді.

 

«Мен жаңа заман педагогімін»

Эссе

         Ұлы философ Абайдың «Адамның адамшылығы ақыл ғылым, жақсы ата – ана, ұстаздан болады» деген сөзінде терең мағына бар. Өйткені санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, білім мен тәрбиенің ақ желкеніне отырғызып, рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – педагог – ұстаз. Ақ сүтімен тәніне қуат беріп, бесік жырымен тербеткен ана, асырап – сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан – жылуын бала бойына дарытатын да ұстаз. «Ұстаз – өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам»- сондықтан қазіргі заман педагогіне жүктелер аманат, сенім ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем,- деп ойлаймын. Мысалы, Бала деген ол бүршігін енді жаратын кішкентай таза жүректі тал, осы талды ата-аналары ұстаздардың, яғни, ұстаздардың қолына үлкен жауапкершілікпен береді. Бұл талды жан-жағынан зерттеп қыр-сырын ұғынып,  бүршігін енді жарған талдың тамырын тереңге қазып құнарлы топыраққа отырғызып, оның әр-бір жарған бүршігін қадағалап ерінбей уақытында суарып, үлкен күтіммен жауапкершілікпен қарасақ,  ертең ол ағаштан үлкен биік тамыры терең  жайқалған ағаш өсері анық. Сол себепті біз ұстаздар балаларды дәл осылай кішкентай кезінен оның сана сезіміне, ақыл ойына рухани тәрбиесіне, біліміне бар жанымызбен, бар білімімізбен сусындасақ болашақ ұрпақтарымыз мықты да білімді  рухани байлығы мол болады.

         «ХХІ ғасыр – жаңа заман педагогі», қандай болу керек  десеңіздер ол арине зерделі, білімді, рухани шебер, заманауи жаңа әдістерді, жаңашылдықты меңгерген үнемі ізденісте болуы шарт. Ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана білетін, өз білімін тәжірибеде дұрыс қолданып, жан-жақты, парасатты «Ұстаз» деген атқа лайық болу.

         Үлкен жауапкершілікті талап ететін ұрпақ тәрбиелеуде мемлекетіміздің саясатын қолдай отырып, ұлттық идеалогияға бағытталған жалпы азаматтық құндылықтар негізінде тәрбиелеу басты мақсатым. Мен өз білімімді жетілдіре отырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті «Жаңа Қазақстан» педагогі болуға  лайықтымын...   

         «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. 

         Олай болса, өскелең жас ұрпақты болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Бұл жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін қайыспай, жұмыла, бірлесе көтерсек жүктің жеңіл болатыны анық. Отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары және қоғамның бірлескен жұмысы жалпы мемлекеттің болашағын айқындайды.

         ХХІ-ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты.

         Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өне бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Болашақта ел сенімін, үмітін ақтайтын -жастардың жауапкершілігі мен намысын оятып, жігерлендіру ұстаздық міндетім деп ойлаймын.  

 

 

Талғатқызы Айнагүл

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Қараөткел ауылының «Тайлақ KZ»

балабақшасының ән-күй жетекшісі

Білімі-Жоғары,

2017 жылы Павлодар Педагогикалық

Мемлекеттік Институтын бітірген.

Жоғары санатты ұстаз.

Еңбек өтілі-14 жыл.