Журналист мамандығы әлемдегі ең қауіпті ондыққа кіреді. Әлемде саяси көзқарасы, өткір пікірі үшін шабуылға ұшыраған, өлтірілген, жазықсыз жалаға іліккен, сотталған әріптестеріміз мыңдап саналады. «Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық құқық қорғау ұйымының дерегінше, өткен жылы дүние жүзінде 45 журналист кәсіби міндетін атқару кезінде қаза болған. Сондай-ақ, былтыр 779 БАҚ қызметкері түрмеге түскен.
Қазақстанда да абақтыға жабылған тілшілер аз емес. Олардың бір тобы саяси көзқарасы үшін сотталса, тағы бір шоғыры қолындағы ақпаратты манипуляция құралы ретінде пайдаланғаны үшін істі болды.
https://qaz.ulysmedia.kz/