Батыс Қазақстан облысында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға еріктілер, жастар және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — тек бір рет өткізілетін сенбілік емес. Бұл таза және сау қоршаған ортаны қалыптастыруға бағытталған саналы қадам, және біз бәріміз бұл мәнді жақсы түсінеміз деп үміттенемін. Өздерінің үлгісімен еліміздің тазалығына қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін ата-аналар өз балаларында жауапкершілік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Акцияның терең тәрбиелік мағынасы осыны білдіреді» – деп атап өтті «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Аманат Бектұрсынов.
Бүгінгі күнге дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысында 48 мыңнан астам ағаш отырғызылды, 72 мың жеке аула аумағы, 2508 көпқабатты үйлердің аумағы, 231 саябақ пен алаң, 181 су объектілері, соның ішінде өзендер, көлдер және жасанды су қоймалары тазаланды. Экологиялық акция аясында 1221 әлеуметтік объектінің аумақтары, 3 мыңнан астам өнеркәсіптік объектінің аумақтары және 621 тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы тазартылды. 52 мың тонна тұрмыстық қалдықты шығаруға 1302 техника бірлігі жұмылдырылып, арнайы полигондарға жеткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жалғасуда, және әрбір тұрғын өз қаласы мен облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлесін қоса алады.