Сәрсенбі күні Душанбе орталық мешітінің жанында құптан намазы аяқталғаннан кейін бір азамат бұзақылық ниетпен Тәжікстан Республикасы ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзодаға шабуыл жасады. Шабуылшы республиканың бас мүфтиін қатты затпен ұрған, деп хабарлады Тәжікстан Ішкі істер министрлігі.
«Қылмыскер дер кезінде ұсталды. Қылмыскердің шабуылы салдарынан С.Абдулкодирзода жеңіл дене жарақатын алып, дәрігерлердің қарауынан кейін ол тұрғылықты жеріне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары мүфтиге жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүріп жатыр.