Теміртау қаласы Уәлиханов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен полицейлер мен ТЖМ қызметкерлері үш адамның мәйітін тапқан. Үй тұрғындары иттердің үнемі үріп, қыңсылайтынына, сондай-ақ пәтерден сасық иіс шығатынына шағымданған.
Анықталғандай, пәтерден бір әйел адам мен екі ер жігіттің мәйіті табылған.
«Біз әйелдің қатерлі ісікке шалдыққанын білеміз. Иттердің марқұм адамдардың бетін тістеп алғаны анық, бірақ көп емес», деді марқұм әйелдің көршісі.
Қарағанды облысының полиция департаменті үш адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Мәйіттерден зорлық-зомбылықтың белгілері табылған жоқ. Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», деп хабарлады облыстық ПД.